Қытай ғарышқа әуе кемесін ұшырды

Қытай ғарышқа тағы бір әуе кемесін ұшырды. «Шэньчжоу-20» елдің солтүстік-батысындағы ғарыш айлағынан жеті қат көкке көтерілді. Оның бортында үш тайконавт бар.

Миссияны басқаруға ғарышқа осымен 3-ші рет аттанған Чэнь Дун тағайындалды. Экипаж мүшелері «Тяньгун» орбита станциясында 6 ай болады. Осы аралықта мамандар ашық кеңістікке шығып, ғарыштағы қоқыстардан қорғайтын құрылғылар орнатады. Сондай-ақ бірқатар ғылыми-техникалық зерттеу жүргізеді. Экипаж мүшелері күзде, яғни қазан айында Жерге оралуы тиіс.