Әлем басшылары Рим папасымен қоштасу рәсіміне жиналып жатыр
Әлем басшылары Ватиканда Рим папасымен қоштасу рәсіміне жиналып жатыр.
Солардың ішінде АҚШ пен Франция Президенттері және Испания королі бар. Жалпы Рим-католик шіркеуінің дінбасын ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне 170 елдің делегациясы қатысады. Арасында 50 елдің басшысы бар. 3 күн бойы Францисктің денесі Әулие Пётр шіркеуінде тұрған. Онымен қоштасуға 250 мыңдай адам келді. Біраз жұрт кезегі жетпей, үлгермей қалды. Кеше кешке шіркеуде табыттың бетін жабу рәсімі өткен. Ал бүгін Астана уақытымен 13:00-де Ватикандағы Әулие Пётр алаңында Рим папасымен қоштасу рәсімі басталады. Мұнда месса оқылуы тиіс. Артынша понтификтің мәйіті Римдегі Санта Мария Маджоре шіркеуіне жеткізіліп, сол жерде жерленеді.