Эквадорда жер сілкінді

Эквадорда магнитудасы 6,3 балдық зілзала болды.

Салдарынан 20-ға жуық адам жарақат алған. Жер сілкінісінің ошағы елдің солтүстік-батысында ЭсмерАльдас қаласында орналасқан. Шаһардағы біраз ғимарат бөлінді. Халықтың 80 пайызы жарықсыз қалды. Эквадор сейсмикалық белсенділігі жоғары «Тынық мұхитының отты шеңбері» деп аталатын аймақта орналасқан. Сондықтан мұнда жиі жер сілкінеді. 9 жыл бұрын Оңтүстік Америкадағы бұл мемлекетте магнитудасы 7,8 балдық зілзала болып, 700-ге жуық адам көз жұмған еді. Ол кезде табиғат апатынан елге 3 млрд доллар материалдық шығын келді.