АҚШ 18 елмен сауда келіссөздері бойынша жоспар әзірледі

АҚШ 18 елмен сауда келіссөзі бойынша ортақ жоспар әзірледі. Әзірге мемлекеттердің нақты тізімі жария етілмейді.

Бірақ оған Канада, Қытай мен Мексиканың кіруі екіталай. Бұл туралы «Зэ Уолл Стрит жорнэл» хабарлайды. Басылым мәліметінше, келіссөздер алдағы 2 ай ішінде кезең-кезеңімен жүруі тиіс. Сөйтіп Ақ үй әкімшілігі шілденің басына дейін 18 елмен өзара тарифтер бойынша бір мәмілеге келуге ниетті. 2 сәуірде Дональд Трамп 15 елден импортталатын тауарларға баж салығын енгізетінін жария еткен еді. Артынша кейбір мемлекеттерге қатысты бұл шешімді 90 күнге уақытша тоқтататынын айтқан. Өйткені осы уақыт ішінде олармен келіссөз жүреді. Сонымен қоса Ақ үй басшысы Қытайдан келетін тауарларға тарифтерді 145 пайызға дейін көтеріп жіберді.