Ватиканда Рим папасымен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Ватикандағы Әулие Пётр алаңында Рим папасымен қоштасу рәсімі басталды. Оған мыңдаған адам жиналды.

Арасында Дональд Трамп, Владимир Зеленский секілді Мемлекет басшылары мен мыңға жуық діни қызметкер бар. Қазір Францискті еске алу мессасы оқылып жатыр. Оны кардиналдар коллегиясының деканы өткізеді. Месса аяқтталғаннан кейін понтификтің мәйіті Римдегі Санта Мария Маджоре шіркеуіне жеткізіліп, сол жерде жерленеді. Мұның бәрі Рим көшелерінде орнатылған лед-экрандардан көрсетіледі. Ал қаладағы тәртіпті қамтамасыз етуге қауіпсіздік күштерінің 10 мың қызметкері жұмылдырылған.