Үндістан мен Пәкістан әскери оқу-жаттығулар өткізіп жатыр
Үндістан мен Пәкістан әскери жаттығу өткізіп жатыр. Екі жақ тіпті жойғыш ұшақтарын да ұшырған.
Естеріңізде болса, екі ел арасындағы ахуал 22 сәуірдегі оқиғадан кейін ушығып кетті. Сол күні белгісіз қарулы адамдар шекарааралық аумақта туристерге оқ атып, 30-ға жуық адам көз жұмған еді. Үндістан шабуылға Пәкістанның қатысы барын айтады. Бірақ екінші тарап мұны жоққа шығарды. Қазір екі мемлекеттің шекарасы жабық тұр. Дипломаттар кері қайтарылып, визалар күшін жойды. Шекарашылар бір-біріне оқ атқан. Екі елдің ядролық қаруы бар. Бірақ сарапшылар тараптардың оны қолдануы екіталай дейді.