Оклахомада толассыз жауған жаңбырдың соңы тасқынға ұласты

АҚШ-тың Оклахома штатында толассыз құйған жауыннан соң елді мекендерді су ала бастады.

Кей жерлерде торнадо ойран салып, жұмыртқаның көлеміндей бұршақ жауған. Ахуал әсіресе Норман қаласында қиын. Шаһарды су басып 1 адам опат болды. Оны көлігімен бірге су ағызып кеткен. Көлік қозғалысы шектелді. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр. Жергілікті билік сақтық шараларын сақтауға шақырады.