Канадада мерзімнен бұрын парламент сайлауы өтеді
Бүгін Канадада мерзімнен бұрын парламенттік сайлау өтеді. Саяси додаға 16 партия қатысады.
Елдің жоғарғы заң шығарушы органына сайлау қазан айында өтеді деп жоспарланған болатын. Бірақ 2 ай бұрын премьер-министр Джастин Трюдо өз еркімен отставкаға кетті. Орнына келген Марк Карнидің қазіргі парламенттегі беделі төмен. Сарапшылар: «Ол үкімет басшылығында қалуы үшін жеткілікті дауыс жинай алмайтынын біледі. Сондықтан мерзімнен бұрын сайлау өткізгелі отыр», – деп санайды.
Айта кетейік, АҚШ Канадаға баж салығын көтергеннен кейін Марк Карни басқаратын партия саяси ұпайын арттырды. Сауалнама нәтижесіне қарағанда қазір либералдарды халықтың 43%-і қолдайды.