Ватикандағы Сикстин шіркеуі жабылды

Ватикандағы Сикстин шіркеуі келушілер үшін жабылды. Өйткені мұнда жаңа Рим Папасын сайлау өтеді. Ол келесі аптада басталуы тиіс. Қазір дайындық жұмыстары жүріп жатыр.

Шіркеуде мұржа орнатылу керек. Ол жаңа потификті таңдау кезінде қажет болады. Кардиналдар жиыны сәтсіз аяқталса, қара түтін шығады. Ал мұржадан ақ түтін шыққанда жұрт Рим-католик шіркеуінің дінбасы таңдалғанын түсінеді. Сайлаудың қашан аяқталатыны белгісіз. Ол бірнеше күннен бірнеше жылға дейін жалғасуы да мүмкін.