Үнділер – әлемдегі ең биші халық

Әр елдің би өнері өзінің ерекше тарихы мен мәдениетінің ажырамас бөлігі.

Әлем елдерінде би мен қозғалыс өнері белгілі бір дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен және құндылықтармен байланысты. Сальса, самба, ча-ча-ча тізе берсек бидің түрі көп... Жалпы, бір ғана би арқылы сол ұлттың болмысын тануға болады. 

Неғұрлым кедей ел болған сайын, той тойлағыш келетін үнділер – әлемдегі нағыз биші халық.

Үнді фильмінің тең жартысында кейіпкерлердің билейтінін байқаймыз. Өйткені үнділер тек сөзбен емес, би арқылы тілдеседі. Әр қимылы бір сөз. Мәселен, олар билегенде, әуелі екі алақынын біріктіріп амандасады. Бұл "Намасте" яғни, "Сәлем" деген сөз. Үнді биінің тағы бір ерекшелігі жұрт жалаңаяқ билейді. Бұл ежелде үндістердің жалаңаяқ жүруімен байланысты. Ең танымал би Катхак – Үндістанның классикалық биі, 5 ғасырдан бері дамып келеді. Бұл - көбіне әңгіме айтып, драмалық көріністерді бейнелейтін би. Сондай-ақ Гиннесстің рекордтар кітабына енген ең ұзақ биді билеген де үнді азаматы. 123 сағат, 15 минут шыр айналып билеген бишінің рекордын 2011 жылдан бері әлі ешкім жаңартқан жоқ.

Би – қарым-қатынас құралы

Би өнері әуелде өнер немесе көңіл көтерудің негізі болған жоқ. Бұл адамдармен қарым-қатынас құралы, өзін-өзі таныстыру, тіпті көтеріліс сипаты болған. Ежелде адамдар өміріндегі маңызды жайттарды би рәсімі арқылы көрсеткен. Жануарлардың қимылын көшіру арқылы билеп, би сюжеті құдайға табынудан басталып, аңшылық не соғыс алдында рухты көтеру мақсатында құрылған. Сондай-ақ Латын Америкасында, би халықтың наразылығын білдіру құралы ретінде пайдаланылды. Мысалы Кубадағы сон немесе салса билері, адамдардың саяси және әлеуметтік тәуелділіктен құтылу мақсатында орындалды. Сонымен қатар әлеуметтік әділетсіздікке қарсы қарсылық білдіру мақсатында орындалған билердің бірі – гаити биі, ол құлдыққа қарсы көтерілістің бір бөлігі ретінде танымал. Ал Тайпаларда би басқару құралы ретінде пайдаланылды. Оған бақсылар мен африкалық билерді алуға болады.

Кәсіби бишілер зейнетке ерте шығады  

Бимен хобби ретінде айналысу, айтарлықтай қауіпті болмауы мүмкін. Бірақ кәсіби мамандар жиі жарақат алады. Оның үстіне ағзаға үлкен күш түсетіндіктен олар 35-36 жаста «зейнетке» шығады. Сондай-ақ би – тек мәдени немесе өнер түрі емес, бұл адамның миы, денесі және эмоциялары арасында терең байланыс орнататын ғылымдық тұрғыдан маңызды іс-әрекет. Би – ми мен дене арасындағы күрделі үйлесім. Нейробиология бойынша, би адамның миында моторлы cortex, қозғалыс орталықтары, жүйке талшықтары мен жұлын арасындағы байланысты жақсартады. Бұл физикалық жаттығулар адамды дене мен ойды үйлестіруге, қозғалыстарды қадағалауға үйретеді.

National Library Of Medicine: 

- Би күйзелісті азайтуға қабілетті, себебі ол эндорфин гармонының жұмысын жақсартады. Биде кездесетін ырғақты қозғалыстар, организмнің стресске жауап беру жүйесін реттеуге көмектеседі.