CNN: Трамп әкімшілігі тұсында 120 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер қысқартылды
АҚШ-та Дональд Трамп Президент болғалы 3 айда 121 мың федералды қызметкер жұмысынан босатылды.
Жаппай қысқартулар 14 ақпанда басталып, наурызда шарықтау шегіне жетті. Әсіресе мемлекеттік қызметтегі көрсеткіш екі есе өсті, - деп хабарлайды CNN телеарнасы. Кадрлық шығынға ұшыраған мекемелер қатарында тұрғын үй, білім беру, денсаулық сақтау департаменттері бар. Сарапшылардың болжамына сәйкес, қысқартылған мемлекеттік қызметкерлер саны 280 мыңға жетуі мүмкін.