Трамп автоөндірушілер үшін баж салығын жеңілдетуі мүмкін

Президент Дональд Трамп автоөндірушілер үшін баж салығын жеңілдетуі мүмкін.

Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлайды. Сәуірдің басында Ақ үй әкімшілігі импортталатын көліктерге 25%-тік тариф енгізген еді. Бұдан бөлек, болат пен алюминийге де салық салынған. Енді компаниялар олардан босатылуы мүмкін. Осы күнге дейін екі салықты төлегендердің шығынын өтеу жағы да қарастырылып жатыр.