Еуропада жарық қайта берілді

Португалия, Испания және Францияда жарық қайта берілді, деп хабарлайды 24kz.

Кеше бұл елдердің энергетикалық жүйесінде ірі ақау болған еді. Соның салдарынан миллиондаған адам электр қуатынсыз қалды. Әсіресе, Испанияда жағдай қиын болды. Пойыз қозғалысы тоқтап, әуежай дұрыс жұмыс істемеді. Ел астанасы Мадридте интернет пен телефон байланысы болмады. Энергия желісіндегі ақаудан Испанияға 1 миллиард еуродан аса шығын келген. Бірақ оның нақты себебі әлі жария етілген жоқ. Кейбір мәлімет бойынша бұл кибершабуылдың салдары болуы мүмкін.