Үндістан пәкістандық компаниялар үшін әуе кеңістігін жапты

Үндістан билігі пәкістандық компаниялар үшін әуе кеңістігін жапты, деп хабарлайды 24kz.

Бұған дейін көрші ел де осындай қадамға барған. Бұл үнді әуе тасымалдаушыларын көп шығынға батыруы мүмкін. Өйткені Еуропа мен АҚШ-қа бағытталған рейстердің көбі Пәкістан арқылы өтеді. Өткен айдың соңында екі ел шекарасындағы даулы Джамму және Кашмир аймағында лаңкестік шабуыл жасалып, 26 адам көз жұмған еді. Үндістан бұған көрші елдің қатысы барын айтады. Бірақ Пәкістан айыпты жоққа шығарып отыр. Осыдан кейін арадағы ахуал қатты ушығып, шекарада оқ атылды. Нью-Дели 65 жыл бұрын қол қойылған суды ортақ пайдалану туралы келісімнен шықты. Исламабад бұл шешімді соғысқа теңеп отыр.