Аргентина мен Чилиде цунами қаупі жарияланды
Аргентина жағалауында магнитудасы 7,4 зілзала болды, деп хабарлайды 24kz.
Жерасты дүмпулері Аргентинамен қоса көрші Чилиде де сезілген. Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Екі елде де цунами қаупі жарияланды. Қазір қауіпті аймақтан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүріп жатыр.