Үндістан көрші Пәкістанға судың берілуін уақытша тоқтатты
Үндістан Чинаб өзеніндегі бөгетті жауып тастап, Пәкістанға судың берілуін уақытша тоқтатты. Алдағы уақытта Нью-Дели Джелам өзеніне де қатысты осындай шешім қабылдайтынын ескертті.
Қазір екі ел арасындағы жағдай ушығып тұр. 2 апта бұрын шекаралас аймақта лаңкестік болған. Үндістан шабуылға Пәкістанды кінәлап отыр. Бірақ екінші тарап бұл айыппен келіспейді. Осыдан кейін Нью-Дели бір жақты тәртіпте 65 жыл бұрын қол қойылған келісімнен шығып кетті. Ол суды ортақ пайдалануды көздейді. Бірақ Пәкістан көрші елдің судың берілуін тоқтату әрекетін соғысқа теңейтінін ескерткен еді.