АҚШ-та есектермен бірге жүгіру жарысы өтті

АҚШ-та есекпен бірге жүгіруден дәстүрлі жарыс өтті. Оған 70 адам қатысқан.

Олар жануарлармен бірге 10 шақырымдық қашықтықты еңсерген. Сайыс ережесі бойынша қатысушыларға есекке мінуге болмайды. Тек олармен бірге жүгірулері керек. Мұндай марафон Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Колорода өткізіле бастаған. Сөйтіп уақыт өте келе ол штаттың мәдени мұрасына айналды.