Португалияда торнадо ойран салды

Португалияның орталығы мен батысында торнадо ойран салды.

Бүлінген ғимарат көп. Электр желілері үзіліп, мыңдаған тұрғын жарықсыз қалды. Әсіресе Бежа, Сетубал, Сантарен округтерінде жағдай қиын. Жергілікті ауа райын болжаушы мамандардың мәліметі бойынша алапат құйынның жылдамдығы сағатына 150 шақырымға жеткен. Зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Қазір аймақта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.