Үндістан Пәкістанды зымыранмен атқылады
Үндістан Пәкістанның бірнеше аумағын зымыранмен атқылады. 26 адам қаза тауып, тағы 50-ге жуығы зардап шекті. Бұл туралы Пәкістанның БАҚ хабарлады.
Оқиғаға байланысты Исламабад әуе кеңістігін 2 тәулікке жапты. Ал Үндістан тарапы даулы Кашмир аймағының Пәкістан бақылауындағы бөлігіне соққы бергенін мәлімдеді.
Еске салайық, ядролық қаруға ие қос елдің арасында шиеленіс өткен айда күшейіп, Кашмирдің Пахалгам аймағында лаңкестік шабуылдан 26 адам қаза тапқан еді. Бұл жағдайға Үндістан Пәкістанды айыптап отыр. Бірақ Исламабад оны жоққа шығарды.