Пәкістан Үндістанның соққысына қатысты мәлімдеме жасады

Үндістанның Пәкістанға бүгін түнде жасаған шабуылы – соғыстың алғашқы қадамы. Сол себепті Исламабад соққыға қарсы қарымта қайтаруға толық құқылы. Пәкістанның премьер-министрі Шахбаз Шариф осылай деп мәлімдеді.

Исламабад Кашмирдегі шекара сызығында орналасқан әскери бекетті атқылап, Нью-Делидің әрекетіне осылай жауап берді. Сондай-ақ жағдайдың ушығуына байланысты әуе кеңістігін 2 тәулікке жапты. Үндістан әзірге ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Ахмед Шариф Чоудхри, Пәкістан әскерінің ресми өкілі:

- Пәкістан аумақтық тұтастығы мен егенмендігі, халқының қауіпсіздігі үшін қажетті шараларды қабылдауға дайын. Біздің әскер 5 үнді ұшағы мен 1 зымыранды атып түсірді. Бұл әрекеттер қорғаныс шарасы ретінде жүзеге асырылды. Біз Пахалгамдағы оқиғадан кейін дәлелсіз айыптағаннан гөрі тәуелсіз тергеу жүргізу қажет деп санаймыз.