Үндістанның атқылауы бейбіт тұрғындардың үрейін тудырды
«Үндістан әскерінің әрекеті біздің рухымыз сындырмайды. Керісінше, алға батыл қадам жасауға ұмтыламыз». Шабуылдан кейін Пәкістан тұрғындары осылай деп пікір білдірді. Олардың сөзіне қарағанда зымыран түскен Муридке қаласында ғибадатханаға зақым келген. Шатыры мен ауласы бүлінген. Қаза тапқандар бар. Бұл жағдай бейбіт тұрғындардың үрейін ұшырды. Сырттан келгендер аймақтан кете бастаған.
Сауалнама:
- Ойламаған жерден атқылау басталды. Бұл жерге бір мезетте 10-15 зымыран түскен шығар. Мұндағы ең үлкен мешітті көз алдымызда тас-талқан етті. Түн ортасында халықтың үрейі ұшып, өзге аудандарға қашып жатыр. Үндістанның бұл әрекетін қатаң айыптаймыз.
- Үндістан қорқақ бала секілді әскери әрекетін түнгі уақытта жасады. Қолында қару-жарағы жоқ бейбіт халыққа шапты. Бірақ мұндай соққы арқылы олар бізді қорқыта алмайды. Біз де қарап қалмаспыз.