Үндістан мен Пәкістан текетіресі ядролық қақтығысқа ұласуы мүмкін – Сарапшы
Үндістан мен Пәкістан арасындағы жанжал ушығып, ядролық қақтығысқа ұласуы мүмкін.
Өйткені екі ел де жаппай қырып жою қаруына ие, әскері көп. Оңтүстік азиялық сарапшы Майкл Кугельман екі мемлекет арасындағы ахуалға қатысты осылай деп пікір білдірді. Оның сөзінше, екі жақтың алауыздығы жылдар бойы жалғасып келеді. Тараптар әр қақтығыс кезінде қарымта қайтарудан қаймығып қалған емес. Бұл жолы да Исламабад Үндістанның соққысына жойқын күшпен жауап беруі мүмкін дейді.
АҚШ, Вашингтон
Майкл Кугельман, Вудро Вильсон орталығының Оңтүстік Азия бойынша сарапшысы:
- Бізді таңқалдырғаны Үндістанның Пәкістан бақылауындағы аумақты қатты атқылауы. Бұрын-соңды мұндай операцияға куә болған емеспіз. Қос ел жай ғана мемлекет емес, ядролық қаруға ие. Олар бір-біріне қарымта қайтаруы үшін осы қаруды да қолданудан тайынбауы ықтимал.