Парижде ер адам көлігімен футбол жанкүйерлерін қақты

Парижде ер адам «Пари Сен-Жермен» футбол клубының жанкүйерлерін көлігімен қақты. Оқиға Елисей алаңында болды.

Жанкүйерлер ойыннан соң сүйікті командасының жеңісін тойлап, отшашу атқан. Дүкендерді қиратып, тәртіпсіздіктер орната бастаған. Бір көлікті қоршап алып, терезесін сындыруға ұмтылған. Ішінде отырған ер адам қашып кетпек болып, жанкүйерлерді қаққан. Салдарынан 3 адам жараланды. Біреуінің жағдайы ауыр. Тәртіпсіздіктерге байланысты 50-ге жуық адам қамауға алынды.