Дональд Трамп 8 мамырды Жеңіс күні деп жариялады
АҚШ-та бүгін Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 80 жыл толуына орай Жеңіс күні атап өтіледі. Дональд Трамп арнайы жарлық шығарып, 2025 жылдың 8 мамырын Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні деп белгіледі.
Осы уақытқа дейін бұл күн АҚШ-та Еуропадағы Жеңіс күні деп қарастырылып келген еді. Сондықтан Трамп Truth Social желісінде бұған дейін одақтас елдердегі сияқты тиісті деңгейде атап өтілмегеніне қынжылыс білдірді. АҚШ-тың фашизммге қарсы күрестегі шешуші рөлін атап өтіп, еркіндік жолында жанын қиған жауынгерлерге тағзым етті.
Дональд Трамп, АҚШ президенті:
- Бүгін біз Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс күні мен одақтастардың фашизмді жеңген тарихи сәтін еске аламыз. Егер америкалық жауынгерлердің жанқияр ерлігі болмағанда бүгінгі әлем мүлде басқа болар еді. Менің президент ретіндегі артымда қалдырар ең үлкен мұрам бітімгершілік жолындағы табандылығым болуы қажет. Біз тек жеңіске жеткен шайқастармен емес, аяқталған соғыстармен де мақтануымыз керек.