Үндістанның үкімет басшысы шұғыл жиын өткізді

Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди Пәкістанмен ахуалдың ушығуына байланысты шұғыл жиын өткізді. Басқосуда азаматтық қорғаныс тетіктерін нығайту, стратегиялық маңызы бар кешендерді қорғау, жалған ақпараттың таралуына жол бермеу секілді мәселелер талқыланды.

Ал шекарадағы шиеленіске қатысты қарапайым халықтың пікірі екіұдай. Бірі соғысқа қарсылығын білдіріп, мәселені бейбіт жолмен шешу керек десе, енді бірі Пәкістанға қарсы қарулы операцияны қолдап отыр.