Израиль Ливанның оңтүстігін атқылады
Израиль күштері Ливанның оңтүстігіне 14 бірдей әуе соққысын жасады. Соңғы ақпар бойынша шабуылдан 1 адам қаза болып, тағы 8-і жарақат алған.
Еврей елі әскерилерінің мәлімдеуінше, операция «Хезболла» қозғалысының зымырандарды басқару кешеніне қарсы жүргізілген. Себебі «Бұл нысан Тель-Авив пен Бейрут жасаған келісімге қайшы», – дейді.
Еске салайық, былтыр АҚШ-тың арағайындығымен Израиль мен Ливан бітімге келген еді. Оған сай «Хезболла» жасақтары елден шығарылуы тиіс болатын.