Рим Папасы 18 мамырда қызметіне кіріседі

Жаңадан сайланған Рим папасы 18 мамырда ресми түрде өз қызметіне кіріседі. Сол күні Роберт Превоны ұлықтау рәсімі өтеді.

Салтанатты іс-шараға түрлі елдерден жоғары деңгейдегі меймандар қатысады. Ұлықтау рәсіміне дейін жаңадан сайланған понтифик халықаралық журналистермен, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу өткізуі тиіс. Сәуірдің соңында бұрынғы Рим Папасы Францисктің қазасынан кейін орнына 8 мамырда америкалық кардинал Роберто Прево Рим-католик шіркеуінің жаңа дінбасы болып сайланды.