Пәкістан Үндістанға қарсы әскери операция бастағанын мәлімдеді

Пәкістан Үндістанға қарсы әскери операция бастады. Бұл туралы елдің қарулы күштері мәлімдеді. Ресми Исламабад мұны «Үндістан тарапынан жасалған шабуылға қарымта жауап» деп атады.

Әскери операция кезінде Үндістанның әскери нысандарына соққы жасалды. Соның ішінде қарсы тараптың зымырандар қоймасын жойылғаны хабарланды. Кей ақпарат бойынша Үндістанның Кашмир аймағында Раджури қаласындағы шенеуніктің резиденциясы тас-талқан етілді. Салдарынан Үндістанның аймақтық даму комиссары Радж Кумар Таппа бақилық болған. Тағы екі шенеунік жарақат алып, ауруханаға түсті. Пәкістан әуе күштері Үндістанның Пундж, Раджури және Джамму мен Кашмирдің Патханакот аймақтарын бомбалады.