Үндістан резервтегі әскерилердің мобилизациясын жариялады

Үндістан билігі Пәкістанмен қақтығыстың ушығуына байланысты елде резервте тұрған әскерилердің мобилизациясын жариялады. Өкімге сай олар қарулы күштерді күшейтуге жұмылдырылмақ. Бұйрық 3 жылға, яғни 2028 жылға дейін енгізілді.

Сондай-ақ елдің премьер-министрі Нарендра Моди қарулы күштердің басшыларымен арнайы кездесу өткізген. Басқосуда Пәкістанның бірнеше ұшқышсыз ұшу аппаратты қағып түсірілгені айтылды. Үндістан Исламабад дрондармен шабуыл жасап, бейбіт тұрғындардың өміріне қауіп төндірді деп отыр.