Еуропа елдері Ресей-Украина арасындағы шиеленісті реттеуге күш салмақ
Еуропа елдері Ресей мен Украина арасындағы шиеленісті реттеуге күш салмақ. Бүгін 4 елдің басшысы Киевке барды. Франция президенті Эмманюэль Макрон, Германия канцлері Фридрих Мерц, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер және Польша үкімет басшысы Дональд Туск президент Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізеді.
Олар президент Трамптың атысты 30 күнге тоқтату туралы бейбіт келісімінің еуропалық балама жобасын ұсынбақ. Егер Ресей оны талқылаудан бас тартып, ортақ келісімге келе алмаса, Мәскеуге қарсы экономикалық қыспақты күшейткелі отыр. Ал Кремль басшысының баспасөз хатшысы Дмитрий Песков қарулы қақтығысты тоқтату үшін Батыс елдері Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді доғаруы тиіс деп мәлімдеді.