АҚШ-та туризм саласының қарқыны баяулады

АҚШ-та туризм саласының даму қарқыны баяулады, деп хабарлайды 24kz.

The Associated Press агенттігінің ақпараты бойынша өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда биыл көрсеткіш 11,6% төмендеді. Бұған Дональд Трамптың импорттық баж салығын енгізуі ықпал еткен. Әсіресе, Ұлыбритания, Германия, Оңтүстік Кореядан келетін туристер саны күрт азайған. Сарапшылар: «Шекарада бақылаудың күшеюі мен тұрғын үй жалдау бағасының қымбаттауы да салаға кері әсер етті», - деп отыр. Туристер АҚШ-қа саяхаттауды азайтса, ел қазынасы 90 млрд доллар кірісінен айырылуы мүмкін.