АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны 1000-нан асты

АҚШ-та қызылша жұқтырғандар саны 1 мыңнан асты. Бұл – Америка ауруларды бақылау және алдын алу орталығының дерегі.

Қатерлі дерт 30 бірдей штатқа тарап үлгерген. Ахуал, әсіресе, Техаста қиын. Мұнда екпе салдырмаған бірнеше бала көз жұмды.

Айта кетейік, 2000 жылы қызылша Құрама штаттарында «жойылды» деп жариялаған болатын. Бірақ кейінгі кезде ауруды сырттан жұқтырып алып келу оқиғасы жиілеген.