Шри-Ланкада автобус апатынан 21 адам қаза тапты

Шри-Ланка орталығындағы таулы аймақта автобус апатқа ұшырап, 21 адам опат болды.

35-і ауруханаға жеткізілді.

Полиция зардап шеккендер арасында көлік жүргізуші де бар дейді. Жолаушылар автобусы мемлекеттік мекемеге тиесілі екен. Тергеу басталды. Мамандар Шри-Ланканың таулы аймақтарындағы жолдар тар және сапасы нашар екенін айтады.