Мексика Google компаниясын сотқа берді

Мексика билігі Google компаниясын сотқа берді.

Оған бірлестіктің картада Мексика шығанағын «Америка шығанағы» деп көрсетуі себеп. 

Мәселеге қатысты Мексика президенті Клаудия Шейнбаум "Бұл ел егемендегіне нұқсан келтіреді", - деп мәлімдеді. Сондықтан Google-ға қарсы сотқа шағым түсірілгенін айтты. Мексика шығанағы АҚШ-тың оңтүстігінде және Мексиканың шығысында орналасқан. Бұл атау XVI ғасырдан бері қолданылып келеді. "Осы себепті Google бұл аумақты өз атауымен белгілеуге тиіс" дейді Мексика басшысы.