АҚШ-та сын мақаласы үшін қамалған түрік студенті босатылды

АҚШ-та ұсталған түрік студенті Румейса Өзтүрк босатылды, деп хабарлайды 24kz.

Тафтс университетінің докторанты Газа секторындағы жағдайға қатысты университет әкімшілігін сынап, мақала жазғаны үшін қамауға алынған еді. Оқиға 25 наурызда Массачусетс штатының Сомервилл қаласында болды. Қауіпсіздік қызметі өкілдерінің оны тапа-тал түсте көшеде ұстауы халық ішінде қызу пікірталас тудырып, сөз бостандығына қол сұғу деп бағаланды. Вермонт штатының соты тек бірнеше айдан кейін ғана Өзтүркті қоғамға қауіпсіз деп танып, кепілмен босатуға рұқсат берді. Іске докторанттың кінәсін дәлелдейтін дәйектердің болмауы мен денсаулығының күрт нашарлауы әсер етті. Қазір Өзтүрк Массачусетске оралып, ғылыми жұмысына қайта кіріскен.

Румейса Өзтүрк, Тафтс университетінің докторанты:

- Мен АҚШ-қа ғылым жолын қуып, зерттеумен айналысу үшін келдім. Бұл елдегі демократияны жоғары бағалаймын және әділет жүйесіне сенемін. Менің жағдайым қоғамның назарын аударып, қиын сәтте қолдау білдірген баршаңызға алғысымды білдіремін.

Эдвард Марки, АҚШ сенаторы:

- Соттың өзі атап өткендей, Румейсаға қарсы келтірілген жалғыз дәлел университеттік газетке жарияланған мақала ғана. Басқа еш дәлел жоқ. Кеше соттің өзі Румейсаны қамауда ұстау елде азаматтық алмаған миллиондаған адамның сөз бостандығына қауіп төндіретінін мойындады. Негізі бұл іс тек шетелдіктер емес, америкалықтарға да тікелей қатысы бар. Себебі сөз бостандығы мен әділ сот біздің еліміздегі әр азаматтың ажырамас құқығы.