«Күрдістан жұмысшы партиясы» Түркияға қарсы қарулы күресін тоқтататынын мәлімдеді
«Күрдістан жұмысшы партиясы» өзін өзі таратып, Түркияға қарсы қарулы күресін тоқтататынын мәлімдеді.
Тиісті шешім Ирактың солтүстігінде өткен ұйымның 12-ші съезінде қабылданған. «Күрдістан жұмысшы партиясы» 40 жыл бұрын құрылған. Қозғалыс Түркияда лаңкестік ұйым деп танылған. Екіжақты текетірес 40 мыңнан аса адамның өмірін қиып, елдің оңтүстік-шығысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды әлсіретті.
«Қазіргі шешім Түркияның саяси және экономикалық тұрақтылығына оң әсер етіп, көршілес Ирак пен Сириядағы шиеленісті бәсеңдетуге ықпал етеді», - деп отыр сарапшылар.
Айта кетейік, Қазақстан «Күрдістан жұмысшы партиясының» қызметіне 2004 жылы тыйым салды.