Израиль Газа секторы мәселесі бойынша келіссөз жүргізуге Қатарға делегация жіберді

Израиль Газа секторындағы қарулы операцияны тоқтату бойынша келіссөз жүргізуге келісті. Қатарға осы үшін арнайы делегация жібереді.

Израиль премьер-министрі АҚШ президентінің арнайы өкілі Стив Уиткоффпен кездесуден соң осындай шешімге келген. Тараптар ол кездесуде анклавтағы израильдік тұтқындарды босату жайын талқылаған болатын. Осыған дейін Израиль билігі Газа секторына толық басып алу үшін резервте тұрған әскерилерін қызметке шақырған еді. Олар Газа секторындағы қарулы операцияны одан әрі күшейтуге жұмылдырылмақ.