Nissan 20 мың қызметкерді жұмыстан қысқартпақ

Әлемге танымал Nissan компаниясы қызметкерлерінің 15%, яғни 20 мың адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр. Бұл шешімге бірлестіктің қаржылық қиындыққа ұшырауы себеп.

Мұны NHK телеарнасы хабарлады. Компания басшылығы бұған қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Былтыр жапондық автокөлік құрастырушының шығыны 5 млрд долларға жеткен. Айта кетейік, компанияның нарықтық құны 28% құлдыраған.