Сот Еурокомиссия басшысын вакциналау туралы ақпаратты жасырғаны үшін кінәлі деп тапты

Еуропалық одақ соты Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенді вакциналау туралы ақпаратты жасырғаны үшін кінәлі деп тапты. Шенеунік 2021-2023 жылдары сынау мерзімі әлі аяқталмаған америкалық Pfizer екпесін сатып алу туралы келісімшартқа отырған. Оны сотқа 1 жыл бұрын New York Times газеті берді.

Бұл жердегі әңгіме жалпы құны 35 миллиард еуроға бағаланған 2,5 миллиард доза туралы болып отыр. Бұдан бөлек, тергеу барысында Пфайзердің бас директоры Альберт Бурланың келісім жасасардан бұрын Фон дер Ляйенмен хат жазысқаны анықталды. Сондай-ақ Еурокомиссия басшысы Еуроодақтың басқа елдерімен келіспей, өз бетінше шешім қабылдаған.