Үндістан мен Пәкістан бітімді ұзартуға келісті
Үндістан мен Пәкістан 18 мамырға дейін оқ атуды тоқтатады. Тараптар бітімді осымен бірнеше рет ұзартып отыр.
Естеріңізде болса, екі ел арасындағы жағдай сәуірің соңында ушығып кеткен еді. Ол кезде шекаралас даулы аймақта туристерге шабуыл жасалған. Үндістан қастандық жасаған лаңкестерге Пәкістан көмектескенін айтақан. Бірақ екінші тарап мұны жоққа шығарды. Осыдан кейін қос мемлекет дипломатиялық қарым-қатынасын үзіп, бірін-бірі атқылай бастады. Тек 10 мамырда ғана оқ атуды тоқтатуға келіскен.