АҚШ Мемлекеттік хатшысы Еуропа елдерінің өкілдерімен келіссөздер өткізіп жатыр

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ыстамбұлда Ұлыбритания, Германия және Францияның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшілерімен келіссөздер өткізіп жатыр.

Блумберг агенттігінің хабарлауынша, онда Украина мен Иран мәселесі талқылануы тиіс. Бұған дейін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Ыстамбұлда Түркия және Украина өкілдерімен үшжақты келіссөздер өткізген еді. Украинаның қорғаныс министрі Рустем Умеровтың айтуынша, басқосу нәтижелі өткен.