Қатар мен Сауд Арабиясы Сирияның $15,5 млн қарызын өтеп берді

берешек болған 15,5 миллион АҚШ долларын толық өтеп берді. Бұл туралы Дүниежүзілік банк хабарлады.

Осылайша Сирияның Дүниежүзілік банкпен жаңа жобалар аясында ынтымақтастық орнатуға қайтадан мүмкіндігі пайда болды. Енді ел аталған ұйымның ішкі ережелеріне сай келетін жобалар бойынша қаржылық қолдау ала алады. Халықаралық даму қауымдастығы – ең кедей елдерге нөлдік немесе төмен пайызбен несие және қайтарымсыз гранттар ұсынатын қор. Осы қордың ықпалдасуымен Сауд Арабиясы мен Қатар Дүниежүзілік банктің Сирияны қалпына келтіру бастамасына қолдау көрсетпек. Ең алдымен ондағы электр қуатына қолжетімділікті кеңейту көзделіп отыр.

«Сирия қарызының өтелуі бұл елмен жұмыс істеуімізді қайта жандандыруға жол ашады. Ондаған жылдар бойғы қақтығыстардан кейін Сирия қалпына келу мен дамуға бет алды. Мұның бәрі Сирияның ғана емес, бүкіл аймақтың тұрақтануына ықпал етеді. Ақыр соңында жеке сектордың дамуына жағдай жасау қажет. Инвестициялар тартылып, жұмыс орындары ашылып, халыққа жақсы өмір сүруге мүмкіндік туындайды»

Дүниежүзілік банк мәлімдемесі