АҚШ соты венесуэлалық мигранттарды депортациялауды тоқтатты

АҚШ Жоғарғы соты венесуэлалық мигранттарды депортациялауға салынған тыйым мерзімін ұзартты. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Бұл шешім Мэриленд штатының тұрғыны Килмар Абрего Гарсияның ісіне байланысты қабылданды. Ол қателесіп Сальвадорға депортацияланған. Тергеу барысында АҚШ әкімшілігі оның еліне қайтып оралуын қамтамасыз ете алмаған, себебі бұл жағдайға қатысты заңды механизмдер болмаған. Айта кетейік, биыл АҚШ-тан 230-дан астам венесуэлалық азамат депортацияланды.