Д. Трамп Ресей және Украина президенттерімен телефон арқылы сөйлесті. LIVE

Қазір Дональд Трамп пен Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті. 

Тараптар Шығыс Еуропадағы жағдай бойынша мәмілеге келуді мақсат етті. Бұл Ыстамбұлдағы Украина Ресей тікелей келіссөздерінен кейінгі алғашқы диалог болып отыр. Ақ үй мәліметінше, Путинмен қоңыраудан кейін АҚШ президенті Зеленскиймен және НАТО-ға мүше өзге де мемлекет басшыларымен сөйлеседі. Қос президент арасындағы телефон қоңырауына қатысты қандай жаңалығыңыз бар?

Ердана Ержанұлы, тілші:

Джэй Ди Вэнс, АҚШ вице-президенті:

- АҚШ таза нәтижені көргісі келеді. Алдымен Украина мен Ресейдің бейбіт келісімге келуі үшін нені қажет ететін білгіміз келіп, оларды бір үстелдің басына жинауды мақсат еттік. Ол орындалды. Бірақ дәл қазір келіссөздер тығыраққа тіреліп тұр. Бүгінгі қоңырауда Дональд Трамп Владимир Путиннің көздеген мақсатын, шынымен де бейбіт келісімді қалар-қаламасын сұрап білгісі келеді. Өйткені АҚШ ұсынған жоспар бойынша Ресейге зор экономикалық көмек келіп түскелі тұр. Соғысты тоқтатпайынша оның біріне де қол жеткізе алмайды.