АҚШ-та президент ұшағын шетелден сатып алуды шектейтін заң жобасын ұсынылды

АҚШ Сенаты Пентагонға президенттік ұшақтарды сырттан сатып алуға тыйым салатын жаңа заң жобасын ұсынды. Бастама Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Қатардан құны 400 миллион доллар тұратын Boeing 747-8 ұшағын сыйлық ретінде қабылдауға ниет білдіруіне байланысты туындады.

Мамандардың айтуынша, мұндай шетелдік сыйлықтар этикалық және заңдық мәселелерді, әсіресе АҚШ Конституциясының шетелдік сыйақылар туралы ережесін бұзу қаупін тудырады. Бұған дейін Трамп әкімшілігі Boeing компаниясының президенттік ұшақтарды жеткізудегі кідірістеріне байланысты Қатардың бұрынғы үкіметтік әуе көлігін уақытша пайдалануға шешім қабылдаған болатын. Заң жобасы Конгресте қаралып жатыр. Бірақ Республикалық партия өкілдері оны сынға алып, құжатты бұғаттауға уәде берді.