SpaceX компаниясының зымыраны 23 интернет-жерсерігін орбитаға шығарды
Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 23 жерсерігін жеткізді, деп хабарлайды 24kz.
Олар Starlink интернет желісін таратпақ. Ғарыш құралы АҚШ-тың Флорида штатындағы Канаверал мүйісінен ұшырылды. Бұл жерде АҚШ Ғарыш күштерінің базасы орналасқан. Зымыран 1 сағат ішінде орбитаға жеткен. SpaceX кейінгі 6 жылда осындай 9 мың жерсерігін көкке жіберді. Starlink жобасы жер шарын интернетпен толық қамтамасыз етуді көздейді.