Германияда бір жылда 196 мың компания жабылды

Германияда былтыр 200 мыңдай кәсіпорын жабылып қалды. Біраз компанияның банкротқа ұшырауына қаржы дағдарысы себеп болған. Сондай-ақ кәсіпорындардың дені нарықтағы бәсекеге төтеп бере алмай, білікті маман тапшылығы мен бюрократия салдарынан жұмысын тоқтатқан.

Бұдан бөлек, электр энергиясына жұмсалатын шығын да артты. Әсіресе технологиялық және тұрғын үй саласында жұмыс істейтін компаниялардың жағдайы қиындаған.