Газаға гуманитарлық көмек тиеген 100 жүк көлігі кіргізілді

Израиль Газа секторының аумағына 100 жүк көлігін кіргізуге рұқсат берді. Оның ішінде ұн, балаларға арналған тағам және медициналық құралдар бар деп хабарлайды «Рейтер» агенттігі.

Жүк көліктері «Керем Шалом» бекетінен өткен. Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Израиль тұтқындарды үйіне қайтару үшін уақытша оқ атпау режиміне дайын екенін мәлімдеді. Бірақ тұтқындарды қайтару шарты орындалмаса, әскери операцияны жалғастырып, Газа секторының аумағын толық бақылауға алатынын ескертті.

Айта кетейік, Газаға 11 апта бойы гуманитарлық көмек жіберілмей қойды. Палестиналықтардың 90%-тен астамы ашқұрсақ жүр.