Газа секторының солтүстігінен 100 мың адам кетіп қалды
Израиль әскері Газаның солтүстік өңірінің тұрғындарына оңтүстікке көшу туралы ескерту жасады, деп хабарлайды 24kz.
Шабуыл салдарынан бір аптадан аз уақыт ішінде 100 мыңдай адам босып кеткен.
Жанармай тапшылығынан көлік дұрыс қатынамайды. Көбі жаяу шыққан.
Естеріңізде болса, 17 мамырда еврей елі Газада ауқымды әскери операциясын бастап кеткен еді. Мұндағы мақсат – ХАМАС ұйымын толық талқандап, секторды түгелдей басып алу.