Колумбия Бразилиядан тауық етін сатып алуды тоқтатты
Колумбия да Бразилиядан тауық етін сатып алуды тоқтатты, деп хабарлайды 24kz.
Елдің Ауыл шаруашылығы және мал бойынша институты: «Бұл құс тұмауы індетінің таралуын шектеу үшін қажет», - деп мәлімдеген. Мұндай шектеуді бұған дейін Аргентина мен Мексика енгізген болатын.
Айта кетейік, Бразилия – әлемдегі ең ірі тауық етін экспорттаушы. Құс тұмауы індеті елдегі Монтенегро қаласында анықталған.